Ресей алғаш рет ғарышқа адамға ұқсайтын роботты ұшырды

0

Ғарыш

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Федор» атты робот орбитада 17 тәулік жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз — Sputnik. Бейсенбі күні таңертең «Союз-2.1а» зымыран тасығышы адамға ұқсас роботпен бірге «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылды.

Орбитаға шыққан соң ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына екі тәулікте жетуі тиіс, робот ұшу кезеңдерін хабарлап отырады.

Роскосмос ұшу барысынан тікелей трансляция көрсетіп отыр.

Орбитада Федор 17 тәулік жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында Халықаралық ғарыш айлағындағы ғарышкерлер оператордың қимылын қайталайтын арнайы костюм көмегімен роботты басқарады. Содан кейін ол қайта Жерге оралып, Қазақстанға 7 қыркүйек күні 00.35-те қонады.

Кейін Федор ашық ғарышқа шығу үшін тағы бір мәрте орбитаға жіберілмек.

«Федор» атты робот

Федор — ғарышқа ұшқан әлемдегі антропоморфты екінші робот. 2011 жылы АҚШ Robonaut-2 атты андроидты ғарыш станциясына жіберген еді. Бірақ ресейлік робот – жүк салғышта емес, ғарышкердің орнына отырып ұшқан алғашқы андроид.



sputniknews.kz


Тегтер:Ресей