Ресей агрессиялық саясатын Грузияға қарсы пайдаланбақшы
Ресей агрессиялық саясатын Грузияға қарсы пайдаланбақшы. Бұл туралы Грузияның жаңадан сайланған президенті Саломе Зурабишвили «Financial Times» басылымына хабарлады.
Зурабишвили Грузия болашағы үшін Еуропалық одақ елдерінің көмегі ауадай қажет дейді. Сонымен қатар, ол өзінің сұхбатында Ресейдің агрессиялық саясаты уақыт өткен сайын күш алып, Украина ғана емес, Грузияға да қарсы бағытталғанын атап өтті. Сұхбатта: «Бұл күнге жету үшін талай ғасыр қажет болды. Бірақ, енді ата-әжелерімнің арман-мақсаттарының орындалғанын көріп отырмын. 26 қарашада Грузияның тұңғыш әйел президенті лауазымына ие болдым. Кеңестік кезеңнің өзінде айқын демократия орын алады деген үмітте болдық. Бұл сәттің өзі ерен еңбекпен келді. Осы ретте АҚШ пен Еуропа елдерінің бізге ықпалын, көмегін айтып кеткеніміз жөн»,– делінген.
«Мен алғаш дипломат атанған кезімде, 1970 жылдары қырғи-қабақ соғыс жалғасып жатқан еді. Сол уақыттағы соғыс бүгінге дейін тоқтаған жоқ. Мен оны Ресейдің әр қадамын, саясаттағы бағытын аңдыған сайын байқап отырмын. Қазіргі әлемде орын алып жатқан жағдайлар осы мемлекеттің әрекеттерібайланысты. Мен өз халқымды ресейлік көзқарас пен соққыдан сақтау үшін және еркіндік, демократия орнату үшін барымды салатын боламын!»,– деді.
Естеріңізге салайық, Грузиядағы президент сайлауында Саломе Зурабившили қарсыласы Григол Вашадзені 20 пайыз дауыс айырмашылығымен жеңген. Грузия тарихында бірінші рет әйел президент атанған ол сайлаудағы жеңісін «Еуропа жеңісі» деп атады. Сайлау аяқталғаннан кейін, ВВС-ге сұхбат берген Зурабишвили Ресейді Грузия территориясына біртіндеп еніп, «оккупация сызығындағы» азаматтарды ұрлады деп айыптады. Және өз елінің еуропалық бағытты ұстанып, Еуропаға қарай бой түзейтінін жеткізді.