Ресей 18 қаңтардан бастап Қазақстаннан қызанақ пен бұрыш тасымалдауға тыйым салды
18 қаңтардан бастап Алматы мен Ақтөбе облыстарынан Ресейге қызанақ пен бұрыш тасымалдау тоқтайды. Россельхознадзор мәліметінше, өнімнің ішінен қауіпті вирус анықтаған.
21 желтоқсан күні ведомствоның ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясының комитетіне нота жолдағаны айтылған.
«28 желтоқсан күні ресейлік ведомство Қазақстан тарапынан болған жағдайдан тағы бір мәрте хабардар етіп, болған жағдайға қатысты қандай шара қолданғаны туралы хабарлауды талап етті. Алайда әзірге дейін Қазақстан тарапынан еш жауап болмады.
Ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызмет 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап Ресейге Қазақстан Республикасының Алматы және Ақтөбе облыстарынан қызанақ пен бұрыш жемістерін жеткізуге тыйым салады», — делінген хабарламада.