«Ренжіткім келмеді»: Әли Оқапов Димаштың фанаттарынан кешірім сұрады — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Димашқа қатысты тілегін айтамын деп басы дауға қалған Әли Оқапов фанаттардан кешірім сұрады. Әнші түпкі ойы мен ниетін түсіндіріп, Димашқа ешқандай жаманшылық тілемейтінін және халық арасында жаңсақ пікір қалыптасқанын қаламайтынын айтты. Сондай-ақ, Әли өзіне және анасына тіл тигізбеуді өтінді, деп хабарлайды Stan.kz.

Әли Оқапов - Димаш Құдайберген

«Біреуді ренжітсем кешірім сұраймын. Бірақ Димаш пен оның фанаттарына қатысты жаман ойым болған жоқ», — деген Оқапов Құдайбергеновпен 10 жылдан бері таныс екенін атап өтті. 

«Сөзсіз ол феномен вокалшы, оның таланты әркез осындай болған. Бұл фактіні бүкіл әлем біледі. Ол ерекше, оның күші де сонда.

Өткен сұхбатымда мен Димаштың кезекті жетістігі — әлемдік хит болса деген ой білдіргім келді. Жаңа ән. Идея ретінде ол «Евровидение» байқауы болуы мүмкін (ән байқауы). Өйткені әртіс пен вокалист ретінде оны барлығы мойындады. Енді ел одан келесі қадамды күтуде. Келесі кезекте Димаш барлығын даусымен де, әнімен де баурап алса керемет болар еді деп ойлаймын», — дейді Оқапов. 

Әли тағы бір мәрте жанкүйерлер армиясынан кешірім сұрап, ешкімді ренжіткісі келмегенін атап өтті. Оның пікірінше, «Әли Димашты сынға алды» деген тіркестің өзі негізсіз. 

«Бұл менің тілегім, әрі қарайғы әрекеті үшін идеям болатын. Әрине, бәріміз де Димашқа жеңіс тілейміз. Мүмкін сондықтан да кейде тыңдарманды ренжітіп аламыз, ол қалыпты жағдай. Мұның барлығы немқұрайлы қарамағандықтан», — дейді әнші. 

Сондай-ақ, Әли күні кеше ғана жолын бүлдіршіндерге беріп, The World’s Best жобасынан өз еркімен кеткен Димаштың әрекетіне қайран қалғанын жеткізді. 

«Ақырында Димаш жеңеді деп ойладым. Шынын айтқанда, музыкада жас деген нәрсе жоқ, мұнда барлығымыз теңбіз. Бірақ ол музыкант емес, адами тұрғыдан әрекет етуді жөн деп шешті. Бұл оның таңдауы, Димаштың келесі қадамы «Евровидение» болады деп үміттенемін», — дейді Әли. 

Оқапов ойындағысын толық жеткізе алмағаны үшін кешірім сұрап, ендігі өзіне, анасына, отбасы мен шығармашылығына тіл тигізбеуді өтінді. 

«Бұл қателікті мойындаймын. Мен де адаммын, қателесемін. Бірақ шындық — мен Димашқа болашаққа деген тілегімді айттым. Бұл жолы ойымды дұрыс жеткіздім деп үміттенемін. Бір жас құтты болсын. Кешірімді болайық», — деп түйіндеді сөзін Әли. 

 

 

В первую очередь я приношу извинения если кого то обидел.Я не имел в виду ничего плохого по отношению к Димашу и его фанатам.Я с ним знаком уже около 10 лет и знаю его задолго до всех этих событий.Безусловно он феноменальный вокалист и талант и всегда таким был.Это знает мир и это факт.Он уникален и в этом его сила.И в том интервью я имел в виду что я бы хотел чтобы следущей его победой был мировой хит.Именно новая песня.Как идея это могло бы быть «евровидение» (это как раз конкурс песни) Потому что как вокалиста и артиста его уже признали все и теперь страна ждет следующего шага.Думаю было бы круто если бы следующей ступенью было бы покорить всех именно в этом плане-и голосом и песней.Повторю,я извиняюсь если кого обидел,но я абсолютно не имел в виду ничего плохого,просто мы все стали жертвами неправильного преподнесения информации и искажения журналистами. «Окапов раскритиковал Димаша» -это не правда.Это было пожелание и идея для дальнейших действий.Конечно мы все желаем Димашу только побед и по этому наверное иногда обижаем своими пожеланиями его слушателей,но это нормально) Это все от того что нам всем не все равно. А сегодня кстати на шоу это был неожиданный поступок,так как я думал что он в итоге победит.Если честно,музыке нет возрастов.В музыке все равны,но он решил повести себя как человек а не музыкант и в этом правды не меньше чем в остальном.Это его выбор и я думаю и надеюсь что следующим шагом будет «евровидение».Я снова приношу извинения,так как не правильно выразился и поддался провокации в виде специально поставленного вопроса.Я не прав,но надеюсь и вы меня поймете и перестанете оскорблять меня,мою маму,семью и мое творчество.Это ошибка и я признаю это.В конце концов я тоже человек и склонен ошибаться.Но,сутью было то что на самом деле это была идея для развития и дальнейших побед Димаша) в общем надеюсь в этот раз я донес все правильно и история на этом получит только светлое продолжение) бiр жас құтты болсын) Кешiрiмдi болайық) 🙏🏽😊

Публикация от Али Окапов (@aliokapov)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.



stan.kz