Рейд кезінде жолаушы қызға алымсақтық жасаған жүргізуші халықтан кешірім сұрады

0

Эксперимент кезінде жолаушы қызға зорлық көрсетпек болған Ерполат Аманжолұлы жағдайдан кейін “Жаңа адамдар” кампусына келген. Ол видеоны желіден өшіру үшін ақша да ұсыныпты. Ерполаттың жасаған әрекетін оның әйелі, туыстары және интернеттегі  бейнежазбаның 2,5 миллионнан астам көрермен көріпті. Кейін ол қайта келіп, белсенділерден кешірім сұраған.

Тұмар азаматтық науқанының статистикасына сәйкес, қыздардың 67%-ы таксиде алымсақтыққа тап болады. Алайда құрбандардың басым бөлігі бұл оқиғаларды жарияламай-ақ қоюды жөн көреді. Оларға бұл туралы естен шығарған оңайырақ. Жаңа адамдар осындай жағдайларды жария ету ғана болашақта олардың алдын алатынын ескертеді.

Еске сала кетейік, Жаңа адамдардың Тұмар командасы жүргізген кезекті рейд барысында ұсталған еді. Белсенділер түнгі уақытта Алматыда қыздарға такси қызметтерін пайдалану қаншалықты қауіпсіз екенін тексеруге шыққан. Сапар барысында жүргізуші дөрекілік танытып, қызға тиісе бастайды. Оның орынсыз әрекеті ұялы телефон камерасына түсіп қалған. Ерполат жанындағы жолаушының қарапайым қыз емес екенін, арттарынан күзет көлігі еріп келе жатқанын түсінгенде, есікті құлыптап, қызбен бірге қашып кетуге тырысады. Қысқа уақытқа созылған қуғын барысында таксист көлігінің нөмірін жоғалтып алған.

Алымсақтық оқиғалары туралы айтып, полицияға арыз жазыңыздар, азғындардың жүздерін көрсетіңіздер. Олар өз әрекеттерінің бүкіл елге мәлім болуынан ғана сескенеді.