Реформадан кейін полицейлердің жалақысы қаншаға өспек? — новости Казахстана

0

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ауқымды реформалардан кейін полиция қызметкерінің жалақылары қаншаға ұлғаятынын айтып берді. Қысқартулардың арқасында «жаңа» жалақыға 16 миллиард теңгеден астам ақша бөлінбек деп хабарлайды NUR.KZ.

otyrar.kz

Көрнекі фото:otyrar.kz

«Хабар» арнасына берген сұқбатында министр бүгінгі таңда патруль қызметкері 75-80 мың теңге табыс табатынын мәлімдеген. Қызмет өткерген жылдар мен өтіліміне қарай жалақы көлемі өсіп отырады екен.

Ал айлықты өсіру үшін министрлік ақшаны қайта бөлуді көздеп отыр. Бірқатар басшылық қызметкерлердің қысқартылуынан үнемделген 16 миллиард теңге қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсалмақ.

«Патрульдік полицияны толығымен офицерлік құраммен ауыстыруды көздеп отырмыз. Олардың жалақысы 103 мың теңгені құрайтын болады. Үнемделген ақша мен үкімет бөлген қосымша қаржының арқасында біз патруль қызметкерлерінің жалақысын 65 пайызға өсіреміз. Сонымен қатар тұрғын үй төлемдері берілетін қызметкерлер санаты анықталатын болады», — деп мәлімдеді Қасымов.