редакция қызметкерлері жұмыстан шығуға мәжбүр

0
35

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Эстония билігінің қысымынан кейін редакцияның жұмысы уақытша тоқтатылды. Болашақта Sputnik Эстония жұмысын қайта жандандыруды жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Sputnik Эстония қызметкерлері 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап редакциямен еңбек қатынастарын тоқтатуға мәжбүр. Оған Эстония билігінің қоқан-лоққысы себеп. Бұл туралы «Россия сегодня» ХАА баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде айтылған.

«Эстония билігінің 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін бап бойынша қылмыстық қудалаумен байланысты қоқан-лоққысынан кейін Sputnik Эстония қызметкерлері 2020 жылдың 1 қаңтарынан редакциямен еңбек қатынасын тоқтатуға мәжбүр», – деп мәлімдеді агенттік.

Sputnik Эстония және «Россия сегодня» ХАА қызметкерлердің бұл шешімін қолдайды.

«Өкінішке қарай, Эстония билігінің ақылға қонымсыз әрекетіне қарамастан, қазіргі Еуропада журналистерді қылмыстық қудалау орын алып отырғаны шындық. Біз адамдардың бостандығына қауіп төндіруге болмайды деп санаймыз»,-деп атап өтті «Россия сегодня» ХАА-дан.

Агенттік Эстония билігінің өз азаматтарына қатысты қадамын «ашық қудалау, барып тұрған бассыздық, тоталитаризм көрінісі және сөз бостандығының қағидаттарын өрескел бұзу» деп атады.

Тағы оқыңыз: Бұл таңғаларлық жағдай – Путин Sputnik Эстонияға қатысты жағдай туралы

«Біз Sputnik журналистері Эстония күш құрылымдары тарапынан қылмыстық қудалауға ұшыраудан қорықпай жұмыс істеуі үшін барлық қажетті заңдық және өзге де шараларды қабылдаймыз. Редакцияның жұмысы уақытша тоқтатылды, бірақ болашақта Sputnik Эстония сайты жұмысын жалғастырады. Оны толық көлемде қайта қалпына келтіруге уақыт қажет», – делінген хабарламада.

«Россия сегодня» ХАА халықаралық және еуропалық ұйымдарды Эстония билігінің әрекетіне қатысты позицияларын білдіруге шақырды.

Sputnik Эстония төңірегіндегі дау

Осы жылдың күзінде Sputnik Эстония қызметкерлері үкімет пен қаржы мекемелері тарапынан қысымға ұшырады. Халықаралық банктердің Эстониядағы филиалдары жалақы, салық және басқа да төлемдерді бұғаттап тастаған. Соның салдарынан жалға беруші редакциямен кеңсені жалға алу туралы келісімшартты бұзуға мәжбүр болды.

Желтоқсан айының ортасында полиция және шекара күзеті департаменті Sputnik Эстонияға хат жолдады. Оған сәйкес, Sputnik Эстония қызметкерлері 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін бас ұйыммен еңбек қатынасын тоқтатып, жұмыстан кетпесе, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Путинмен қалай дауласқанын айтты

Эстония билігі мұны 2014 жылдың 17 наурызында Еуроодақтың Украинадағы оқиғаларға байланысты бірқатар жеке және заңды тұлғаға қарсы санкция енгізуімен түсіндірді.

Ресей президенті Владимир Путин Sputnik-тің басқа елдердегі жұмысына қолдау көрсету үшін барлық шаралар қолға алынатынын мәлімдеді.

«Россия сегодня»  ХАА және RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньян Эстония президентін журналистердің қамауға алынуына жол бермеуге шақырды.

30 желтоқсанда эстониялық Swedbank Sputnik Эстония редакциясының қызметкерлеріне банктегі шоттары жабылғанын және қызмет көрсету туралы келісімшарт бұзылғанын хабарлады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз