«Реал» төртінші рет финалға шықты

0

Жартылай финалдық сайыста Испа­нияның «Реал» командасы Жапонияның 8 дүркін чемпионы, 2018 жылы футболдан Азия Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған «Касима Антлерс» клубын жеңіп (3:1), финалға шықты. «Реал» сапынан үш голды да Гарет Бейл салса, «Касима Ант­лерс» командасынан Сёма Дои бір ғана голмен жауап қайырды.

Екінші жартылай финалда Біріккен Араб Әмірлігінің «Әл-Айн» және Аргентинаның «Ривер Плейт» командалары кездесіп, ойынның негізгі кезеңі 2:2 есебімен тең аяқталды. Ойын соңындағы пенальти сериясында «Әл-Айн» командасының бағы жанып, финалдық сайысқа жолдама алды. Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалдық ойыны 22 желтоқсан күні өтеді.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

Дереккөз: http://egemen.kz/