«Разылығымды алмайсың»: дін қызметкерінің әйеліне зорлық-зомбылық көрсеткені туралы ақпарат тарады
Ол әйелін ешкіммен араластырмай, разылығымды алмайсың деп қол көтерген
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында бұрынғы имам, қазіргі теолог әйеліне, төрт баласының анасына зорлық-зомбылық көрсеткені туралы желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жәбірленуші әйелдің сіңлісінің айтуынша теолог әйеліне дінмен манипуляция жасап, туыстарымен араластырмай, үйінде қамап ұстаған. Оның айтуынша, біріңғай жындар мен тозақ туралы әңгіме айтып, айтқанымды орындамасаң, разылығымды алмайсың деп, қол көтерген, деп жазады abdulla_kz_kzInstagram парақшасы.
Сіңілісінің айтуынша, күйеуінің разылығын аламын деп, айтқанын екі етпей орындап бағынышты болған әпкесі, соңында ауырып қалған, оны байқаған күйеуі медициналық қызметке жүгінбей, дін қызметкерлерін шақырып өз бетінше емдемек болып ауруын асқындырып алған.
«Сап-сау тәтемді жездем ұрып, жынды етіп қойған. Әпкемнің түк жазығы жоқ еді. Өте жуас болатын. Тіпті, дінді жақсы ұстанады. Бөтен ер адамдармен сөйлеспейтін. Жолдасы мектеп кезіндегі достарымен сөйлесуге тыйым салған. Туыстарымен What’s APP чаттан шығарып жіберген. Әпкем еріне бағынған инабатты келіншек болды. Ал соңында өзі далада қалды», — дейді сіңлісі.