Раушан Мешітханова Катардағы турнирде күміс медаль олжалады

0
150
Раушан Мешітханова Катардағы турнирде күміс медаль олжалады


Катарда ауыр атлетикадан лицензиялық турнир мәресіне жетті.

Соңғы жарыс күнінде зілтемір сахнасына шыққан Раушан Мешітханова күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. Ол өз салмағынан әлдеқайда жоғары 87 келіде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 215 келіні еңсерді. Раушан турнирде жеңімпаз атанған венгриялық спортшыдан бір келі ғана кем көтергенін айту керек.

Сондай-ақ, жерлесіміз жұлқа көтеруде 100 келіні бағындырып алтын алса, серпе көтеруде 115 келімен күміс олжалады. Ал жарысқа қатысушылар тізімінде болған Илья Ильин бұл жолы да өз бағын сынаудан бас тартты.