Расымен қартайғанмын ба? — деп қояды жеңгем
Жеңге
Ауылда бір жиыннан шығып, енді қайтқалы тұрғанмын. Бір жеңгем мені көріп жабыса кетті.
-Әй, бала, сенің көлігің бар ғой, мені үйге дейін жеткізіп сал. Нан ашытып кеткен едім ендігі бықырып жатқан шығар… — деді самбырлап.
-Мен де асығыспын -дедім, бармайтынымды білдіріп. Расымен асығыстау едім. Кісілерім де бар…
-Еее, деді жеңгем. Қартаяиын дегенбіз -аау. Кезінде қандай едік… деп қойды бірдемені жұмбақтап.
Бозбала күнім көз алдыма келе қалды. Осындай жиындарда ауыл келіндері жинала қалатын. Абысын болған соң бір-біріне көмектесіп жатады ғой. Жиын соңынан осы жеңгейді жеткізіп салуға таласып қалатынбыз))) Соны меңзеп тұр да. Сұлу келіншек еді кезінде. Бала қайныларын үйіне апарып бар тірлігін істетіп алатын. Суын тасытады, отынын жарғызады… «Қандай мықты жігітсіңдер» деп мақтап, мақтап қояды. Біз соған мәзбіз)))
Әлгі жеңгемді ақыры үйіне жеткізіп салып құтылдым. Кетерде:
-Расымен қартайғанмын ба? деп қояды. Орамалдан шығып тұрған екі тал ақ шашты айтқым келмеді.
-Жоқ, дедім. Бұрынғыдай әдемісің…
Қайрат Нұрлықасымұлы
Фейсбуктегі парақшасынан
Көрілген: 502 Пікірлер: 0