Рәшид Жақсылықов маңызды ұсыныс жасады

0
0
Advertisement

Экономика

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Акциясының 50 процентін Қазақстан азаматы ұстайтын компаниялар ғана «отандық компания» дәрежесін алуы қажет

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр – Sputnik. Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының басшысы Рәшид Жақсылықов қазіргі жағдайда мемлекет мүддесі үшін көп нәрсені өзгертуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Мәселен, Теңізшевройлдың тапсырыстарын бір шетелдік компания орындайды. Ол бір жылда 30-50 миллион долларға тауар мен қызметтерді сатып алады. Иә, көп емес шығар. Дегенмен, 20 жылда 1 миллиард доллар шығады ғой. Бүгінде осыдай келісімшарттарды қайта қарап, отандық компанияларға беру керек. Біз қазіргі жағдайды пайдаланып, мамандар мен келісімшарттар жағынан өз үлесімізді барынша арттыруымыз қажет», – деді Жақсылықов Sputnik Қазақстанда өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, ең алдымен, акцияның 50 процентін Қазақстан азаматы ұстайтын компаниялар ғана «отандық компания» дәрежесін алуы қажет. Әйтпесе, бүгінде шетелдік азамат жұмысқа қазақстандық мамандарды көбірек алып, отандық компанияны құрып алады да, табыстың біраз бөлігін шетелге жіберіп отырады. 

«Сонымен қатар, 100 миллион долларға дейінгі құрылыс жұмыстары қазақстандық компанияларға берілуі керек. 25 жылдың ішінде өз мамандарымыз көп нәрсеге үйренді. Бүгінде 300 миллион долларға дейінгі құрылысты атқара алатын компаниялар да бар. Ал жобалық жұмыстардың 50 проценті өз жерімізде жасалауы қажет. Себебі, жобалау кезінде сол жұмысты атқаратын компаниялар анықталады. Әрине, жоба өзге елде жасалса, ішіне шетелдік компанияларды кіргізіп қояды. Содан оператор тиісті талаптардан шыға алмай отырады», – деп атап көрсетті Жақсылықов.

Оқи отырыңыз: «Қолдау көрсетеміз»: Тоқаев тағы бір тізімнің жасалып жатқанын айтты

Мұнай саласының маманы тағы бір маңызды мәселені атады. Шетелдік компаниялар Еуропа банктерінен 2-3 процентпен ақша ала береді. Ал отандық компаниялардың кредитті 27 процентке дейін барады. Содан тендер кезінде баға жағынан шетелдік компания ұтып кетеді. Өйткені, төмен бағаны ұсына алады. Бірақ проценттік мөлшерлеменің айырмашылығы ескерілмейді.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз