Рамзан Қадыровтың жасағы Украина орманында намаз оқып жатыр деген видео тарады

0
Әлеуметтік желіде шешен әскерлерінің Украина ормандарында намаз оқып жатқан сәттері делінген жазба тарады, деп хабарлайды kznews.kz сайты exk.kz порталына сілтеме жасап.
Рамзан Қадыровтың қол астындағы арнайы жасақты өзі шығарып салған деген бейресми ақпараттар да жарияланып жатыр.

Күштік құрылымның сапқа тұрып, азан шақырған сәті жазылған бейнежазбаны Қадыровтың көмекшісі Дауд Умаров өз парақшасында жаиялаған.

Видеода Рамзан Қадыровтың өз дауысы анық жазылған.

«Алла қаласа, бірер сәтте сол жерде боламыз», — дейді видеода Қадіров

Бейнежазбадағы «Росгвардияның» шешенстандық «Оңтүстік» батальоны сарбаздары екені анық көрінеді.