Рамзан Қадыров: Ингушетиямен шекара мәселесі жабылды
«Шешенстан мен Ингушетия арасындағы шекараны белгілеуге қатысты мәселе жабылды» деп мәлімдеген Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров биліктегі «Единая Россия» партиясының съезі кезінде ТАСС агенттігіне.
Бұған дейін Ресей Конституциялық соты Шешенстан мен Ингушетия арасында әкімшілік шекараны белгілеу туралы келісімді ел Конституциясына сәйкес деп таныған. Аталған келісімге 2018 жылы қыркүйекте Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров пен Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қол қойған.
1991 жылы Шешен-Ингуш АССР-і таратылғалы екі аймақ арасындағы шекара нақты белгіленбеген болатын. Биылғы келісімде өзара жер алмасу туралы баптар бар.
Ингушетияда тұрғындар Шешенстанмен жер алмасу әділ емес, бұл құжат Ингушетияның мүддесіне нұқсан келтіреді деп, қарсылық танытқан.
Дереккөз: Азаттық