Рамзан Қадыров: Головкин өз-өзіне көп күш жұмсаған адам — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров Головкинге деген көзқарасын білдірді.
Бұл туралы ҚР президентінің телерадиокешені хабарлайды.
«Сіздердің боксшыларыңыз — әлем чемпионы. Ол өзіне көп күш жұмсаған адам», — дейді Рамзан Қадыров.
Оның айтуынша, адам жайдан жай осындай деңгейге жетпейді. Табысқа жетуіне бапкерлері не басқа адамдарға емес, адамның өзіне байланысты.
«Егер ол өзін жаттықтырып үйретсе, бірнәрсе шығады. Егер жаттықпаса, ешнәрсеге қол жеткізбейді. Сіздерде бокс қана емес, дзюдо да дамып жатыр. Біздің спортшыларымыз талай кездескен. Біз жеңіп те, жеңіліп те жаттық. Сондықтан сіздерде спорт жақсы дамып жатыр», — деді Қадыров.
Әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин DAZN сервисімен келісім жасасты. Ол үш жылға келісілген. Геннадий 6 жекпе-жек өткізугі міндетті.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz