«Рамазаннан кейін үйленемін» – қырғыз-тәжік шекарасында оққа ұшқан сарбаздың соңғы хаты

0

Тәжістандық сарбаз – 29 сәуір күні қырғыз-тәжік шекарасында опат болған 16 адамның бірі. 26 жастағы Мұхаммадулло Тәжікстанның Муминабад ауданында туған. Ол Тәжістан Қарулы күштерінде қызмет атқарған. Бұл туралы Sputnik Тәжістан жазды.

Марқұм Мұхаммадуллоның досы әлеуметтік желіде сарбаздың Рамазан айы аяқталған соң үйленетіні туралы жазба жариялады.

«Қысқа ғана ғұмырында досым арманда кетті. Оның Рамазан айынан кейін үйленемін деген жоспары да бар еді. Тіпті, ол бала күнгі арманына да қол жеткізе алмай қыршыннан қиылды», – деп жазды досы.

Айта кетейік, тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстан 2 мамыр күнгі ресми мәлімет бойынша 20-ға жуық адам қайтыс болды. 160-тан астам адам жараланды.