Рамазан айында бес балалы мүгедек әке баспаналы болды
Өткен жылы облысы әкімдігі 12 көпбалалы ана мен тұрмысы төмен отбасыларға баспана берген болатын
НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Қасиетті Рамазан айында бес балалы отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өткен жылы әкімдік көпбалалы 12 ана мен тұрмысы төмен отбасыларға пәтер берді. Биыл да қайырымдылық шарасы өз жалғасын тапқан. Осы жылы бес баласы бар отбасы қоныс тойын тойламақ. Отағасы — екінші топтағы мүгедек. Өзі де, әйелі де жұмыс істемейді.
Тағы оқыңыз: Елорда тұрғыны көпбалалы анаға үш бөлмелі пәтер сыйлады
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мұндай бастама қолдау табуы керек екенін айтты.
«Сіздерді Рамазан айымен тағы да құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді ол.
Сондай-ақ, ол осыдан бір жыл бұрын облыс орталығы болып қайта құрылған Түркістанда атқарылуы тиіс жұмыстың көп екенін атап өтті.
«Үкімет Түркістан туралы 5 рет қаулы қабылдады. Мұның бәрі үлкен жұмысты талап етеді. Сондықтан бізге бірлік пен ынтымақ өте қажет. Елбасының тапсырмасымен бірталай әлеуметтік бастамаларды іске асырып жатырмыз. Көпбалалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді облыс әкімі.
Сондай-ақ қайырымдылық шарасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз да қатысты.
Тағы оқыңыз: Елордадағы мешіттер ауызашарды қалай өткізеді — видео
Облыс әкімдігінің мәліметіне сәйкес, бас мүфти Нұр-Сұлтан мен Алматыдан кейін Түркістанда ауызашар беруге арнайы келіпті.
sputniknews.kz