«Райымбекпен жыныстық қатынасқа түстің ба?»: Бишімбаевтың телефонынан Нүкенованы сұраққа алған видеолар табылды

0

Сот барысында Бишімбаевтың Нүкенованы сұрақтың астына алып, түрлі сипаттағы сұрақтар қойған видеолары тарады.

8-9 қараша күні түсірілген видеода Марқұм Салтанат жерден бірдеңені іздеп жатады. Оған бөтен бір ер азаматтың “ізде” деп боқтық сөз айтып жатқаны көрсетілген.

Бишімбаевтің телефонындағы тағы бір видеода ер адам: Сен онымен жаттың ба? Райымбекпен? — дейді.
— Салтанат: Иә
— Көңілдесі болдың ба? «Онымен жыныстық қатынасқа түстің бе? Не үшін? Ақша керек болды ма?
— Жоқ

— Тағы да айт, мен онымен төсектес болдым де. Мойында — деген дауыстар естіледі.

Бишімбаев мұның монтаж болуы мүмкін екенін айтты.

фото: ашықдереккөз