“Райымбек есімді кәсіпкердің көңілдесі…” — кәсіпкердің әйелі пікір білдірді

0

Ленара Баталованың айтуынша, Қуандық Бишімбаевтың сөздері оның отбасының абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді.

«Біз сот процесін емес, “Пусть говорят” бағдарламасын көріп отырған сияқтымыз. Мен тіпті отбасымның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген негізсіз және сандырақ сөздерге түсініктеме бермеймін. Мен тек Салтанаттың туыстары мен жақындарына күш, шыдамдылық және әділеттіліктің орнауын тілеймін», — деді Баталова instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, 1 сәуірде Бишімбаев сотта Салтанат Нүкеновамен отбасылық өмірдің егжей-тегжейін айтып берген еді. Онда экс-министр Салтанат Нүкенованың Райымбек есімді кәсіпкермен байланысы болғанын айтқан.