Рахымбеков пен Ахметбеков дауыс берді

0

9 маусым онға таман Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелерінде «Ауыл» партиясы атынан сайлауға түсіп жатқан үміткер Төлеутай Рахымбеков пен «Қазақстан коммунистік халық партиясы» кандидаты Жамбыл Ахметбеков дауыс берді.

Бұған дейін кандидаттар Амангелді Таспихов, Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берген.

Оқи отырыңыз: Тоқаев елдегі наразылықтар туралы: Оның бәрінен хабарым бар

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Бұл жолғы сайлау елді отыз жылға жуық басқарып, биыл наурызда Қазақстан президенті қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтеді. Орталық сайлау комиссиясы жеті адамды президенттікке кандидат ретінде тіркеген:

Жамбыл Ахметбеков — «Қазақстан коммунистік халық партиясы»;

Дания Еспаева — «Ақ жол» партиясы,

Әміржан Қосанов — «Ұлт тағдыры» қозғалысы.

Төлеутай Рахымбеков — «Ауыл» партиясы;

Амангелді Таспихов — Қазақстан кәсіподақтар федерациясы;

Қасым-Жомарт Тоқаев — «Нұр Отан» партиясы;

Сәді-Бек Түгел — «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы.

Сайлауға 1000-нан астам бақылаушы тіркелген.

Azattyq