“Раббысына қайтты»: Бағлан Әбдірайымовтың әкесі өмірден озды

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың әкесі өмірден озды. Қаралы хабарды өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп жазады Kznews.kz /Kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ардақты, ағайын! Асқар тау әкем Раббысына қайтты. Не деген ауыр хабар еді… Қандай жақсы адам едің…», — деп жазды әнші.
Әншіге оқырмандары мен өнердегі әріптестері көңіл айтып жатыр. Жігер Ауыпбаев, Айдар Тұрғамбек, Ләйлә Сұлтанқызы, Қалқаман Сарин сынды өнер жұлдыздары мен танымал тұлғалар Әбдірайымовтың қайғысына ортақтасқан.
Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official