Қызықты суретке түскісі келген азамат құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған

0

Ерекше жағдайға тап болған қызылордалық азамат құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған. Ер адам басына «спартандық дулығаны» киіп, бірақ оны өздігінен шеше алмаған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қоңырау Саяхат шағын ауданының тұрғынынан түскен. Тұрғынның досы суретке түспекші болып, темір дулығаны басына кигенімен, басынан шеше алмай қалған.

“Құтқарушылар арнайы құралдардың  көмегімен азаматтың басына зиян тигізбей,  дулығаны шешіп алды”, – делінген ТЖМ мәліметінде.