Қызының жанында түсіп қалған белгісіз елес ер адамды шошытты

0

Тайвань тұрғыны қысқа видео жариялады. Оның айтуынша, бейнежазбада әйелге ұқсайтын қорқынышты бет-әлпет түсіп қалған.

Daily Mirror басылымының хабарлауынша, қыздың әкесі үш жылдан кейін видеодан белгісіз нәрсені байқап қалып, қорқып кеткен. Өйткені ол бөлмеде басқа біреудің болғанын есіне түсіре алмаған.

Сөзінше, қараңғы тұлға қызы билеп отырған бөлмедегі үстелдің басында отырған көрінеді. Видеоны ер адам 2017 жылдың 22 тамызында туыстарының үйінде түсірген. Жақында ол сақталған видеоларды қарап отырғанда, осы белгісіз тұлғаны байқаған. Ер адамның сөзіне сүйенсек, бұл қыздың елесі болған.

Ол осы үйде тұратын туыстарының көршілері сол күні қызын жерлегенін еске алды. Ер адам сонымен бірге бөлмеде тек қызы екеуі ғана болғанын есіне түсірді. Әлеуметтік желілерде көбісі бұл адамды жалған айтты деп айыптап, бейнеге сын көзбен қарады. Алайда, сарапшылар жазбаны тексеріп, бейне өңделмеген деген қорытындыға келді.

stan.kz