Қызының бетін кім тырнағанын білу үшін камерадағы жазбаны көрген ата-анасының зәре-құты қалмады (видео) — Қазақстан жаңалықтары
АҚШ-тың Мичиган штатында тұратын отбасы өздерін елес аңдып жүргенін айтады. Таяуда олар 1 жасар қыздары Лилиді ұйықтатып, артынша оны байқау үшін бөлмесіне көрген. Қыздың бетіндегі көгерген із бен бақылау камерасындағы жазбаны көрген ата-анасы тез арада үйден қашуды ойлапты.
Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Хизер Броу түстен кейін Лилиді оятып, оның беті көгеріп қалғанын байқапты. Ол сәбиіне не болғанын анықтау үшін күйеуі Джошпен бірге бейнебақылау камерасындағы жазбаны көреді.
«Лили небәрі 20 минут ұйықтады. Бастапқыда ол бетін өзі тырнап алған болар деп ойладық. Алайда оның қолына қарап, бетін мұншалықты қатты тырнай алмайтынын түсіндік. Бұл осы үйдің бұрынғы иесінің елесі болған сияқты», — дейді Хизер Броу.
Анасы видео кадрларынан Лилидің төсегінің жанынан өтіп бара жатқан ер адамның сұлбасын байқапты. Ендігі отбасы тезірек көшу үшін басқа үй іздестіріп жатыр. Себебі бұл үйде түсініксіз жайттар орын алған алғашқы жағдай емес. Хизердің сөзінше, бұған дейін ол үйден әлдекімнің айқайлағанын, тарсылдатып жүріп, күлгенін естіген. Тіпті, ер адамның бұрқылдап сөйлегенін оянып кеткен кезі де болыпты.
Хизер мен Джош тылсым жайттарды зерттеушілерге жүгінген. Өз кезегінде олар баланың бөлмесінде біртүрлі жағдайдың болғанын растапты.
Сол үйдің бұрынғы иесі кезінде жамбасын сындырып алып қайтыс болған екен. Ал оның ағасы шизофрениямен ауырған және әпкесінен бірнеше жылдан кейін көз жұмыпты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz