«Қызың ба?» Көлікте бейтаныс арумен отырған Әбдіжаппар Әлқожа қызу талқыға түсті (видео)

0

Отандық эстрада жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа көлікте бейтаныс арумен отырған видеосын жариялады. Жұрт келбетті бойжеткеннің кім екенін түсінбей қалған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Видеода көзілдірік тағып алған сахна серісі қасында отырған бейтаныс аруды көрсетеді.

Шет елдің әнін тыңдап отырған әнші ағылшын тілінде жақында жаңалықтар болатынын жазып қалдырған.

Бұл бейнежазбаны көрген жұрт көрікті қыздың кім екенін түсіне алмаған. Олардың бірі бұл аруды Әбдіжаппар Әлқожаның ғашығына десе, екіншілері отбасылы адамға олай айтудың қажеті жоқ екенін ескерткен.

https://www.instagram.com/p/BrmhCqpgQCm/?utm_source=ig_embed