Қызылордалықтардың еншісінде: алтын, күміс, қола

0
150

Қызылорда облысының спортшылары бір күнде Азия чемпионатынан 3 медаль иеленді.

Бангокта (Таиланд) бокстан өткен Азия чемпионатында Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) алтын, Қамшыбек Қоңқабаев (91 келі) күміс, Малайзияда каратэ-додан өтіп жатқан Азия чемпионатында Əсемгүл Ердəулет қола жүлделерді иеленді.

Азия чемпионатына 4 қазақстандық боксшы финалға жолдама алған болатын. Алғашқы болып өнер көрсеткен 60 келі салмақтағы Зәкір Сафиуллин күміс медаль жеңіп алса, 75 және 81 келі салмақта ел намысын қорғаған қызылордалық Тұрсынбай Құлахмет ел қоржынына алғашқы алтын медаль салды.

Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев финалдық сында өзбекстандық Баходир Жалоловпен жұдырықтасты. Қортындысында, төрешілер жеңісті өзбек боксшысына тиесілі деп шешім қабылдап, отандасымыз күміс жүлдегер атанды.

Кота – Кинабалуда (Малайзия) каратэ-додан өтіп жатқан Азия чемпионатында жерлесіміз Əсемгүл Ердəулет қола жүлдені иеленді.

14-15 жас аралығында 47 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Əсемгүл үшінші орын үшін болған кездесуде Таиланд спортшысын 2:1 есебімен жеңді.

2 ОРМБЖМ-де тəлім алатын Əсемгүлді жарысқа Рүстем Қараев дайындады.