Қызылордалық полицей өртеніп жатқан үйге кіріп, нәресте мен анасын алып шықты — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Қызылордада жергілікті полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкері Рамазан Алдабергенов өртеніп жатқан үйден кішкентай бала мен анасына алып шығып, құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.
Оқиға кезінде кезекшілікте болған Рамазан Алдабергенов 102 операторынан көпқабатты үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама алған. Ол бірден оқиға орнына барыпты. Сол жерде Рамазан өртеніп жатқан үйде бір айлық нәресте мен анасы қалып қойғанын естиді.
Полиция қызметкері өміріне қауіп төнетініне қарамастан, өртеніп жатқан үйге кіріп, нәресте мен анасын алып шықты. Осылайша, ол екі адамның өмірін аман алып қалды. Құтқарылған нәресте мен анасы жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
«Мен ерлік жасадым деп ойламаймын. Себебі бұл қызметтік міндетім. Бастысы, адамдардың өмірін құтқару қолымнан келді», — дейді Рамазан Алдабергенов.
Рамазан Алдабергенов полицияда 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz