Қызылордалық әйелдің күйеуіне жасаған қулық-сұмдығы әшкере болды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Төрт баланың анасы бұған дейін сотталған Түркістан облысының тұрғынына қомақты қаражат беретінін айтқан. Ол ер адамнан өзінің жоспарын жүзеге асыруға көмек сұрапты

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Қызылордада өзінің күйеуін өлтіруге тапсырыс берген әйелге сот үкімі шықты.

Төрт баланың анасы бұған дейін сотталған Түркістан облысының тұрғынына жиырма мың доллар ақша беретінін айтқан. Ол өзінің бұрынғы күйеуінен осылайша құтылуды жоспарлапты.

Алайда бұған келіскен ер адам облыстық полиция департаментіне барып, мән-жайды айтып берді.

Тәртіп сақшылары ер адамға жоспар іске асқандай сыңай танытуды тапсырды. Сондықтан ер адам әйелге күйеуін өлтіргенін хабарлаған. Дәлел ретінде айналасы қан болып жатқан күйеуінің суретін жіберіпті.

Тағы оқыңыз: Әйелдің Жаңа жыл түнінде жасаған сұмдық қылмысы әшкере болды

Әйел оған жолға 10 мың теңге беріп, қалған ақшаны күйеуінің мүлкі мұраға келген кезде өтейтінін айтқан.

Сотта әйел өзінің кінәсін мойындаған жоқ.



sputniknews.kz