Қызылордадағы тікұшақ апатында қаза болғандардың суреттері жарияланды

0
104

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Қорғаныс министрлігі көз жұмған әскерилердің видео және суреттерімен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Ведомство Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағы апатында қаза болған барлық 13 адамның есімін жариялады.

Көз жұмған әскерилердің арасындағы ең жасы  – 24 жастағы ұшқыш, лейтенант Аслан Айтбаев болған.

Қаза тапқандардың тізімі

Экипаж мүшелері:

  1. экипаж командирі Роман Костыгов – майор 26.04.1985 (33 жаста)
  2. борт технигі Тимур Құдайбердиев – майор 17.09.1985 (33 жаста)
  3. оң жақтағы ұшқыш Аслан Айтбаев – лейтенант 10.11.1994 (24 жаста)

Жолаушылар:

  1.  Данияр Қоңырбай – майор 10.11.1985 (33 жаста)
  2.  Сабыр Тоқбаев – майор 15.12.1977 (41 жаста)
  3. Сырым Масалим – капитан 11.12.1989 (29 жаста)
  4. Қайрат Нұрсапанов – 3-дәрежедегі сержант 08.10.1973 (45 жаста)
  5.  Мұрат Шәріпов – аға сержант 04.01.1979 (40 жаста)
  6. Асхат Абдулманат- кіші сержант 21.09.1982 (36 жаста)
  7.  Айдын Әбділдинов – ефрейтор 11.12.1978 (40 жаста)
  8. Қуаныш Сартықбаев – ефрейтор 08.09.1986 (32 жаста)
  9. Өмірхан Каукаев – ефрейтор 21.08.1990 (28 жаста)
  10.  Мирас Жұматаев – ефрейтор 10.02.1991 (28 жаста)

Ми-8 тікұшағының апаты

Кеше, 27 наурыз сәрсенбі күні, Қазақстан Қорғаныс министрлігіне тиесілі әуе кемесі құлап, өрттеніп кеткен болатын. Тікұшақ 4 әскери тікұшақтан тұратын бөлімнің құрамында Ақтау-Бейнеу-Крайний-Шымкент бағыты бойынша жолға шыққан. Апат Қызылорда облысының Жалағаш ауданында болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен сенат спикері Дариға Назарбаева қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Әскерилердің отбасына тиісті көмек көрсетілетін болады.

Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.



sputniknews.kz