Қызылордадағы тікұшақ апаты: Көз жұмған әскери қызметкерлердің толық тізімі жарияланды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қорғаныс министрлігі Қызылорда облысындағы тікұшақ апатынан көз жұмған әскери қызметкерлердің толық тізімін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Толық тізімі жарияланды

Апат салдарынан борышын өтеп жүрген 13 әскери қызметкер түгел көз жұмды.

Майор Роман Костыгов. Экипаж мүшесі 

26.04.1985

Роман Костыгов

Майор Тимур Құдайбердиев. Экипаж мүшесі

17.09.1985

Лейтенант Аслан Айтбаев. Экипаж мүшесі

10.11.1994

Майор Данияр Қоңырбай 

10.11.1985

Майор Сабыр Токбаев 

15.12.1977

Капитан Сырым Мәселім 

11.12.1989

Сержант Қайрат Нұрсапанов 

8.10.1973

Аға сержант Мұрат Шәріпов 

04.01.1979

Кіші сержант Асхат Әбділманат

21.09.1982

Ефрейтор Айдын Әбділдинов 

11.12.1978

Ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев 08.09.1986

Ефрейтор Өмірхан Қауқаев 21.08.1990

Ефрейтор Мирас Жұматаев 10.02.1991

Еске сала кетсек, 27 наурызда Қызылорда облысында Ақтаудан Шымкентке ұшып бара жатқан тікұшақ құлады. Тікұшақ басқа төрт әскери тікұшақтармен топ құрап, Ақтаудан Шымкентке  ұшып бара жатқан. «Алтын Жебе» атты арнайы бөлімдердің оқытуы әрі кешенді тексерісі болған соң, тікұшақтар бір қаладан екінші қалаға ұшуды көздеген. 

Президент Тоқаев қайғылы оқиғада қаза тапқандардың жанұясына көңіл айтып, тергеу жұмыстарын бастауды бұйырды

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылып, апат орнына жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz