Қызылордадағы мектепте төтенше жағдай: жедел түрде ауруханаға 20 оқушы жеткізілді

0
Облыстық көпсалалы балалар ауруханасына 7 мен 12 жас аралығындағы 20-дан астам бала түскен. 

3 қазан күні Қызылордадағы мектепте оқушы бұрыш спрейін шашып, 20-дан астам оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда қаласындағы мектептердің бірінде оқушы бұрыш спрейін шашқан.

«Қызылорда қаласындағы орта мектепте бұрыш спрейін қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деді полиция.

фото: nur.kz