Қызылордада жолаушылары бар автобус аударылып қалды (ВИДЕО)

0

Қызылордада көктайғақ салдарынан ішінде 15 жолаушысы бар автобус аударылып қалды деп хабарлайды Қазақпарат.

 

Бір қырына аударылып қалған автобустың видеосы Zellokyzylorda парақшасында жарияланған.

Мәліметтерге сүйенсек, апат Қызылордадан Талсуат ауылына баратын тас жолда орын алған.

Облыстық полиция департаменті 15 жолаушыға алғашқы көмек көрсетілгенін айтты.

Сондай-ақ бір адам ауруханаға жеткізілген.

Айта кетейік, Қызлордада көктайғақ салдарынан 12 адам зардап шеккен.

https://www.instagram.com/p/BtP7FrtFiIm/?utm_source=ig_embed

Дереккөз: kaz.nur.kz