Қызылордада жасөспірім қызды зорламақ болған күдікті ұсталды — новости Казахстана

Қызылорда жасөспірім қызды зорламақ болған күдіктіні тәртіп сақшылары ұстады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: Podrobnosti.ua
Оқиға Қызылорда қаласындағы шағын ауданның бірінде болған.
Күдікті оқиға орнынан қашып кетіпті.
Полиция қызметкерлерінің іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті қолға түскен. Оның Қызылорда қаласының тұрғыны екені анықталды.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201 бабының талаптарына сәйкес қалған мәліметтер жария етілмейді», — деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, аталмыш қылмыстық іс бойынша Қылмыстық кодекістің 24-бабы 3-бөлігімен, 120-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz