Қызылордада үздік мамандар марапатталды

0
83

– Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда қаласында «Smart квартал» жобасы іске асырылуда. Аталған жоба табиғи монополия субъектілермен көрсетілетін қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге және тұтыну көрсеткіштерін автоматтандыруға мүмкіндік беретін болады. Сонымен қатар, 2019 жылы жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін облыс орталығында, Жаңақорған, Шиелі және Жалағаш аудандарында жалпы қуаты 150 мегаватт болатын 4 күн электр станциясының құрылысы жоспарлануда, – деді ол.

Бүгінде Қызылорда облысында 300 км-ден астам электр желілері қайта жаңартылып, 90-нан астам қосалқы станция орнатылды.

Келер жылы облыстың барлық 7 аудан орталығын орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету, сол арқылы аймақты көгілдір отынмен қамту көрсеткішін 70 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Салтанатты кеште облыстың үздік энергетика мамандарды марапатталды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы

Дереккөз: http://egemen.kz/