Қызылордада үш жасөспірім жоғалып кетті

0
319

Қызылордада «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының үш тәрбиеленушісі жоғалып кетті. Оларды іздестіріп жатқанына екі тәулік болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Кызылординские вести» басылымына сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сүйенсек, Ділдә Нұғманова (27.08.2004 жылы туған), Любовь Нестерова (25.03.2006) және Рано Сабанқұлова (24.03.2006) 25 наурызда таңғы сағат екіде ауылдан шығып, хабарсыз кеткен.

Іnbusiness.kz ақпараты бойынша, полиция мен еріктілер көп қабатты үйлерді, коттедждерді, қараусыз қалған және құрылысы аяқталмаған ғимараттарды, ойын-сауық орталықтарын, жалға берілетін тұрғын үйлерді тексеріп шыққан. Жасөспірімдерді іздеу бойынша бірлескен жұмыс тобы құрылды.

Іздеу шарасы барысында жасөспірімдердің туыстарынан сұхбат алынып, қыздар баруы мүмкін мекемелер тексеріледі. Әлеуметтік желілерде заңды өкілдері рұқсатымен жоғалған қыздардың суреті жарияланды.

Жасөспірімдерге қатысты ақпарат білетіндерден полицияның кезекші бөліміне телефон арқылы хабарлауды сұраймыз: 8 (7242) 29-70-10, 8 (7242) 29-75-20, 8 (7242) 29-75-02, 8 (705) 255-81-25 немесе 102.