Қызылордада түнгі клубта жаппай төбелес болды

Астана, BAQ.KZ. 25 қараша күні түнде Қызылорда қаласындағы түнгі клубтардың бірінде жаппай төбелес болған. Бұл туралы NewTimes.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төбелестің видеосы Instagram желісіндегі today_kz қауымдастығында жарияланған. Кадрдан 20-ға жуық азаматты байқауға болады.
Болған оқиғаны Қызылорда облысының полиция департаменті растады.
«25-қараша күні Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті қамауға алынды. Төбелестің неден болғаны анықталып жатыр», — делінген агенттіктің ресми сауалына жауап берген облыстық департамент хабарламасында.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ