Қызылордада оқушыны жезөкшелікке тартқан 217 адам жазасыз қалды

Қызылордада 16 жасар қызды жезөкшілікке мәжбүрлеп, қорлаған 217 ер азамат жазаланбайтын болды. Бұл туралы НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жазды.
«Себебі оларды шақырды, кейбіреулерін жұмыс орнынан тапты, жариялады, кейбіреулерін жұмыстан шығарды, кейбіреулерін жазалады. Олардың ойынша, бұл қылмыстың себебі олардың құмарлығы немесе ақы төлеп зорлық-зомбылық жасауға бейімділік емес, бұл — қыздың өзіне қатысты. Олар мектептерде, әкімшілікте, мемлекеттік мекемелерде, ауруханаларда жұмыс істейді», – деп жазды Таңсәрі.
Қор жетекшісінің айтуынша, 5 қыркүйекте күшіне енген «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес бұл адамдар жауапқа тартылуы мүмкін еді. Алайда оқиға 5 тамызда анықталып, 6 тамызда ғана шағым түскендіктен, жаңа заңның күші оларды қамтымайды.