Қызылордада облыстық тамыз конференциясы өтуде

0
Бүгін Қызылордада облыстық дәстүрлі тамыз конференциясы өтуде.
Шараға облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов, ҚР Парламент депутаттары, облыс, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма және бөлім басшылары, сондай-ақ білім саласының мамандары қатысуда.
Тамыз жиынына қатысушылар мен қонақтар алдымен «Цифрландыру-білім саласын дамытудың стратегиялық бағыты» тақырыбындағы танымдық көрмені тамашалады.
Дәстүрлі тамыз конференциясының соңында педагогика саласында еңбегі сіңген бірқатар ұстаздар «Ы.Алтынсарин», «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен, министрліктің және облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталады.
Конференцияның басты спикерлері «Promethean» компаниясының бас консультанты Инна Стивенс «Интерактивные технологии для цифрового поколения» тақырыбында, BTS Digital» білім беру орталығының басшысы Саясат Нұрбек «Жаңа мамандықтар Атласы жобасы: еңбек нарығы мен дағдылар сұранысы қалай өзгеруде?» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ, «Дарынды балаларды анықтауда ата-ананың рөлі» тақырыбында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваның әкесі Байтақ Тұрсынбаев, «Жас маманға жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында Сырдария ауданы, №35 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айдана Жакиева сөз сөйлейді деп күтілуде.
Сонымен бірге іс-шарада «Үздік орта білім ұйымы» грант иегері марапатталып, білім ұйымына 17 миллион теңгенің сертификаты табысталады.