Қызылордада мектеп оқушысының 6 жастағы баланы зорлағаны айтылды

0

Қызылордада 9-сынып оқушысы 6 жастағы баланы зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы айтты.

Полиция полковнигі Айдар Демегенұлының мәлімдеуінше, қылмыстық іс 10 ақпанда қозғалған. 

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың істің тергеу барысы департамент бастығының қатаң бақылауына алынды. Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – деді ол.

Қазіргі таңда зардап шеккен бала қазір ауруханада жатыр.

Фото: ашықдереккөз