Қызылордада коронавирус жұқтырған соңғы сегіз науқас — бір отбасының мүшелері — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылорда облысында анықталған коронавирусты жұқтырған соңғы 8 науқас бір отбасының мүшелері екендігі белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлімдеді. 

«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының 18 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күні қосымша тіркелген фактілер Жаңақорған ауданынан болып отыр. Барлығы да — алдында тіркелген науқаспен қарым-қатынаста болып, оқшауланып, карантинде болған азаматтар. Осы азаматтардан сынама алынған еді», — деді ол. 

Басқарма басшысы бүгін Қызылорда облысында тіркелген 8 науқас бір жанұяның адамдары екендігін алға тартты. 

«Олар — 6-45 жас аралығындағы адамдар. Соның ішінде үшеуі — 14 жасқа толмағанбалалар», — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында тағы 10 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болғаны айтылған еді. 

 

stan.kz