ҚЫЗЫЛОРДАДА «JETISTIK» ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

0
Қызылордада Асқар Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Jas Otan” Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «JETISTIK” жастар форумы өтті.
Форуымның негізгі мақсаты — жастарға мотивация беру, рухани жан-жақты дамуына қолдау көрсету болып табылады.
Форум барысында жастар өзінің жетістік формуласымен бөлісті. Олар өз ойларын ортаға салып, форумға қатысушылармен пікір алмасты.
«Жастар бүгінгі қоғамның қозғаушы күші. Олардың түрлі идеялары еліміздің өркендеуіне үлес қосады. Осы орайда «Jetistik” жастар форумы өзінің үлесін қосары анық. Форумның мақсаты да жастарды қолдауға арналған», — дейді «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова.
Іс-шара town hall форматында яғни, еркін форматта болды.  Атаулы шарада облысымыздың дамуына өз үлестерін қосып жүрген жастар Қызылорда облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.