Қызылордада ер адам өзін өртеп жіберді

0

Қызылордада ер адам өзін өзі жағып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

30 шілдеде ер адам өзін өзі жағып жіберген. Оған себеп — сүйген қызын қарата алмаған.

Бұл оқиғаны облыстық полиция департаменті растады.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — деп жазылған хабарламада.

Ер адам ауруханаға жатқызылған. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

фото:  ғаламтордан