Қызылордада дәрігерлерге 709 мың теңгеге қонақүй жалдаған

0

Біз дәрігерлерге қонақүй жалдау тендерлері туралы посттар сериясын бастаймыз.

Бірінші кезекте Қызылорда.

Коронавирус пандемиясы кезінде Қызылордалық дәрігерлерге 709,5 мың теңгеге қонақүй қызметі жалданған. Тапсырыс беруші – Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы. Басқарма үш түрлі өнім берушімен келісім-шарт жасасқан: ЖК Хан Вероника Моисеевнамен – 54 мың теңге, ИП Шалхумбаевпен 113 мың теңге және Мусахметов Ербол Болатовичпен – 542 мың теңге.

Үш өнім берушіге жалданатын қонақүйге қойылатын талаптар бірдей. Техникалық ерекшеліктен пунктер:

— қонақүйлерді суық кезде жылыту, ыстық кезде салқындату жүйесімен (қыс-жаз жүйесімен) қамтамасыз ету;

— персоналды күніге еш кедергісіз жұмысқа апарып әкелу үшін жеке кіру-шығу жолдары, видеокамералармен жабдықталған автотұрағы болуы керек;

— бөлмелер мен ғимараттар санитарлық, қолдану, гигиена талаптарына сай болып, түрлі жамғымсыз иістерсіз болуы керек және т.б.

Дереккөз: goszakup.gov.kz

Zertteu Research Institute, Facebook парақшасынан