Қызылордада баласын құтқармақшы болған әке қаза болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Оқиға 17 қазан күні болған. Ер адамды автобус қағып кетті. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Қызылордада 4 жасар баласын құтқармақ болған ер адам қаза болды.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 17 қазан күні сағат 12:30 шамасында қаладағы Абай даңғылы мен Ыбырай Алтынсарин көшесінің қиылысында болған.

«2015 жылы дүниеге келген бала көшенің белгіленбеген жерінен жүгіріп шыққан. Әкесі баласының артынан жүгірген кезде қоғамдық көлік қағып кеткен. Алған жарақат салдарынан ер адам қаза тапты. 4 жастағы бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», — делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Бұл факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiкті басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: «Бәрі шошып кетті»: автобус жүргізушісі аялдамада болған сұмдық туралы айтты

Өңірлік полиция қызметі оқиғаның мəн-жайын анықтап жатыр.



sputniknews.kz