Қызылордада балалар үйінен қашып кеткен 3 қыздың екеуі Алматыдан табылды

0
217

Қызылорда облысына балалар үйінен кетіп қалған 3 жасөспірім қыздың екеуі Алматыдан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Іздеу жұмыстардың нәтижесінде қыздардың екеуі 27 наурызда кешкі уақытта Алматы қаласында жүргені анықталды. Оларды табуға тұрғындардың қырағылығы мен полицейлердің кәсіби шеберлігі әсер етті.

Бұл бағытта бағдарларды барлық әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жаппай тарату пайдасын тигізді. Қазір қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілді. Үшінші кәмелетке толмаған қыз әлі іздестіріліп жатыр», – деп хабарлайды Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында балалар үйініде тәрбиеленуші 3 жасөспірім қызға іздеу салынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.