Қызылордада анасы мен қызы пәтер даулап сотқа келді

0
Қызылордада анасы мен қызы пәтер даулап сотқа келді


Қызылордада жергілікті тұрғынның өзінің қызына сыйға тартқан пәтерге байланысты шағымы апелляциялық сот алқасында қаралды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Талап қоюшы әйел осыдан бір жыл бұрын өзінен бөлек тұратын қызына сыйға тарту шартын рәсімдеген. Арада жыл өткенде сол келісімді жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.

«Қызылорда қалалық сотының шешімімен талап қоюшы Л.-ның арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. Дегенмен азаматша бұл шешімімен келіспей, апелляциялық алқаға шағым берді», — деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

Істің сотта қаралуы барысында тараптар істі бітімгершілікпен аяқтауға ниеттерін білдірген. Соған сай жауапкер анасына пәтерді берді. Ал талап қоюшы шағымынан бас тартты.