Қызылордада айдаладан адам сүйектері табылды

0

Қызылордада адам сүйектері табылды, — деп хабарлайды IIМ.

«Осы факт бойынша 001 санаты бойынша қылмыстық іс тіркелді (табылған мәйіт), сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қызылорда қаласының Белкөл кентіндегі дала жеріндегі оқиға орнын тексеру барысында адамға ұқсас сүйектер табылды. Олар заттай дәлел ретінде тәркіленді», — делінген хабарламада.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: http://Orda.kz