«Қызылорда-Түркістан» ақылы тас жолының цемент плитасы көтеріліп кетті
Қызылорда-Шымкент ақылы тас жолы қызуға төтеп бере алмады. Ақылы тас жолдың цемент плитасы көтеріліп кеткен.
Оқиға Түркістан облысында 8 маусым күні түстен кейін болған. Жүргізушілер Төрткөл ауылының маңында жолдың асфальтбетонды жабынын төсеп, шағын трамплин құрғанын байқады. Кейін жеңіл және ауыр жүк көліктері жолды айналып өтті.
«Қазавтожол» оқиға республикалық Самара – Шымкент жолы бөлігіндегі Қызылорда – Шымкент ақылы тас жолында болғанын мәлімдеді. Оқиға болған күні өңірде жоғары ауа температурасы байқалған. Термометр +45 градусты көрсетті.
«Сағат 17.00 шамасында ауа температурасының жоғары болуына байланысты жолдың оң жағындағы жүріс бөлігінің цемент-бетон плитасы көтерілді. Қазіргі уақытта бөлшектелген. «ШымкентДорСтрой» мердігерлік ұйымымен уақытша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Қиыршықтас-құм қоспасы толтырылып, асфальтбетон жабыны төселді. Жұмысқа 10 адам және бес бірлік техника жұмылдырылды, олардың ішінде үш самосвал және гидромолот бар», – деп хабарлады ұлттық компания.