Қызылорда облысының экс-әкімі қамауға алынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов үй қамауына алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қуанышбек Ысқақов

2020 жылғы 28 наурызда ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысының әкімі Ысқақовқа қатысты үй қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына өтініш берді.

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.


Қазақстан тарихында тұңғыш рет әйел облыс әкімі болып тағайындалды

«Сараптама нәтижесінде күдікті Қуанышбек Досмайлұлы Ысқақовқа қатысты «үйде қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш қанағаттандырылды. Бұлтартпау шарасының әрекет ету мерзімі 2020 жылдың 26 наурызында 22:28 бастап 2020 жылдың 26 мамырында 22:28 дейін екі айды құрайды», — деп хабарлады Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 27 наурыз күні бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Қызылорда облысының әкімінің ұсталғандығы туралы ақпарат таратқаны хабарланды.

stan.kz