ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЕАЭО ЕЛДЕРІМЕН ӨЗАРА ТАУАРЛАР САУДАСЫНЫҢ КӨЛЕМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
2019 жылдың қаңтар-тамызында Қызылорда облысының Еуразиялық арнайы экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудасы 69411,5 мың АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 1,3%-ға көп, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
Оның ішінде экспорт 36256,7 мың АҚШ долларын (1,9 есе көп), импорт – 33154,8 мың АҚШ долларын (33%-ға кем) құрады.
Облыс экспорты құрылымында көпшілігін бейорганикалық химия өнімдері (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 50,3%), минералды өнімдер – 40,8% (тұз – 36,1%, табиғи құмдар – 4%, мұнай өнiмдерi – 0,7%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар – 8,8% (күріш – 5,2%, жас немесе мұздатылған балық 1,8%) құрады.
ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 44,4%), химиялық өнеркәсіп өнімдері – 16,8%, мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар – 13,3%, металлдар және олардан жасалған бұйымдар – 10,3%, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары – 4,4%, ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары – 4,5%, минералды өнімдер – 2,5% әкелінді.
Қызылорда облысының ЕАЭО мүше мемлекеттермен өзара тауарлар саудасы
мың АҚШ доллары
2019 жылғықаңтар-тамыз |
2018 жылғықаңтар-тамыз |
% |
|
Барлығы |
69 411,5 |
68 546,5 |
101,3 |
экспорт |
36 256,7 |
19 076,4 |
1,9 есе |
Ресей |
34 253,3 |
16 908,1 |
2 есе |
Беларусь |
251,8 |
301,5 |
83,5 |
Кырғызстан |
1 751,6 |
1 866,7 |
93,8 |
импорт |
33 154,8 |
49 470,1 |
67,0 |
Ресей |
31 779,2 |
48 420,6 |
65,6 |
Беларусь |
921,6 |
878,3 |
104,9 |
Кырғызстан |
454,0 |
171,2 |
2,7 есе |